Кітапханашы – креативті болу дегенді білдіреді!
«Читающий колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің кітапханасында «Кітапханашы – креативті болу дегенді білідіреді» өзін-өзі басқару күні өтті. Олардың міндеттерін колледж студенттері өз мойнына алды. Біреуі абонементті жұмыс орны ретінде таңдады, біреуі оқу залын таңдады, қоймада және электронды каталогта жұмыс істегісі келетіндерден үзіліс болмады.
«Өзін-өзі басқару күні» акциясы «Жас кітапханашы» атты қысқаша курсынан басталды, оған қатысуға шешім қабылдаған барлық студенттер өтті.
Балалар кітапханадағы жұмыс тәжірибесі өте құнды, кітапханашының жұмысы оңай емес, бірақ әртүрлі және қызықты екенін атап өтті. Осы акцияның арқасында кітапханада көптеген белсенді және адал көмекшілер пайда болды. Оқырмандарды тану – кітапхана еңбегін жоғары бағалау. Алда жаңа қызықты акциялар күтілуде.