"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

БАРЛЫҒЫ БАСТАУ АЛАТЫН МАМАНДЫҚ

БАРЛЫҒЫ БАСТАУ АЛАТЫН МАМАНДЫҚ

Ақырын жүріп,анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы

Мұғалім немесе дәрігер болу туралы балалық шақтағы арман таңқаларлық түрде орындалды. 1977 жылы Петропавл қаласында В. И. Ленин атындағы №1 орта мектепті бітіріп, С. А. Кеженева туған қаласында қалуға шешім қабылдады.

Ең мықты іріктеу байқауынан өтіп, ол К. Д. Ушинский атындағы педагогикалық институтына тарих факультетіне түсті.

Қатаң іріктеу жоғары сапалы студенттік ұжымның ортасында оқуға мүмкіндік берді, ол оқыған курс жалпы институттық жарыста бірінші орында болды, өйткені курстың әрбір екінші студенті сессияны үздік тапсыратын. Ынталандыру ретінде ТП-45 тобы Ленинград қаласына жолдамамен  марапатталды.

Облыстық комсомол комитеті бюросының мүшесі болып, облыс деңгейінде студент жастары атынан қатысты.

Жас кезінде биіктен көрінген маман кәсіби және жеке дамуда биік шыңдарға жету ниетімен кірісті. Институтты үздік бітіріп, педагогикалық қызметін 1982 жылы кәсіптік – техникалық білім беру жүйесінде – ГПТУ-24 бастады.

Содан кейін комсомол обкомына жұмысқа шақырылды. 1984 жылы Мәскеуде лекторлардың Бүкілодақтық курстарында оқыды. Жастармен жұмыс істеді, облыстың барлық аудандарында бірнеше рет болды, түрлі жастар іс-шараларына қатысты.

1988 жылы механикалық техникум қабырғасында педагогикалық қызметіне қайта оралды. Кейін тағдыр жазуымен медициналық колледж ұжымына келді.

Педагогикалық қызмет барысында Сәуле Амержанқызы әрдайым үлкен жауапкершілікті сезінді, өйткені қоғам педагогтарға өзінің болашағын сеніп тапсырады, оның міндеті тек білім беріп, құзыреттілікті қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.

Өздеріңіз білетіндей, қоғамда өмір сүретін адам қоғамнан тыс бола алмайды. Біздің Қазақстан полиэтникалық мемлекет екенін ескере отырып, оқытушы өзі үшін бас әдістемелік проблеманы айқындады: білім алушыларда этносаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелеу. Осы бағытта тереңірек жұмыс істеу үшін студенттерге арналған  арнайы курс әзірледі.

«Өмір - байлаусыз», «өмір – өзен» демекші, бәрі өзгереді, заманауи технологиялар біздің өмірімізге екпінмен еніп жатыр. Мұғалімнің қол жеткізген жетістіктерімен тоқтауға құқығы жоқ, үнемі даму барысында болуы тиіс. Бұл біліктілікті арттыру курстары, өзін-өзі тәрбиелеу, озық әдістер мен технологияларды игеру, түрлі сайыстарға, олимпиадаларға, баспасөз конференцияларына қатысу және студенттерді түрлі сайыстар мен ғылыми-практикалық конференцияларда сөйлеуге дайындау.

Жастармен жұмыс заман ағымына ілесіп жүруді талап етеді. Өзін-өзі жетілдіре отырып, С.А. Кеженева әрдайым жас ұрпақтың жеке дамуына ықпал етуге тырысады, оларды әртүрлі іс-шараларға қатысуға ынталандырады.

94892894 352

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!