Ж. Тілеулин атындағы жоғары медициналық колледж студенттері қайырымдылық сенбілігін ұйымдастырды. Олар Балалар үйіне барып, бау-бақшасын жиыстырды. Балалар үйінің қызметкерлері өздерінің кішкентай тәрбиеленушілеріне табиғи өнім беру үшін өздері көкөністер егеді. Жастар көкөністерді қазысып, жапырақ,сабақтарын жинады.
Мұндай қайырымдылық шараларына медицина колледжінің студенттері үнемі қатысып отырады. Олар оқу ордасында сапалы білім мен қатар, әлеуметтік шараларға да ат салысады.
Жаңалықтар
Қайырымдылық сенбілігі
Қаралды: 492