2020 жылғы 23 желтоқсанда «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде» ШЖҚ КМК-да колледждің құрылғанына 90 жыл толуына орай және техникалық және кәсіптік білімнің ғылыми қызметін қолдау мен дамытуға бағытталған іс-шара болып табылатын «Техникалық және кәсіптік білім беру: тәжірибе мен перспективалар» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті.
Біздің колледжді СҚО Білім басқармасы басшысының м.а. Владимир Сергеевич Ткаченко, СҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айманов Нұрлан Бағдаулетұлы, «Медициналық колледждер одағы» ЗТБ Басқарма Төрайымы Рузденова Найля Бексаутқызы, «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК бас дәрігері Бапанова Мариям Кауловна, педагогикалық еңбек ардагері Быковская Тамара Владимировна мерейтоймен құттықтады. Бұл күні колледж туралы көптеген жылы сөздер айтылды.
Конференция жұмысына Ресей, Қазақстан медицина колледждерінің, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Конференция мәлімделген халықаралық мәртебені көрсетті және кәсіптік білім беру саласында тәжірибе алмасуға, орта медициналық білім берудің, жалпы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өзекті мәселелері мен даму перспективаларын талқылауға ықпал етті.
Конференцияның міндеттері:
колледжде білім беру қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерінің тәжірибесін тарату;
орта кәсіптік білім беруде цифрлық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерінің тәжірибесін жинақтау және тарату;
мамандардың қалыптасуындағы жастар саясатының және студенттердің волонтерлік қызметінің рөлін өзектендіру;
заманауи медициналық ғылыми технологияларды зерттеу арқылы конференцияға қатысушылардың клиникалық құзыреттілік деңгейін арттыру.
Конференцияның пленарлық бөлімін колледждің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Надежда Николаевна Бадагазина ашып, колледждің қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы айтып берді.
Володя Солдатов атындағы Тобыл медицина колледжінің директоры Наталья Владимировна Данилинаның баяндамасы қызықты болды. Болашақ орта медициналық қызметкерлерді оқыту мен тәрбиелеуде мол тәжірибе көрсетілді.
Свердлов облыстық медициналық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Киселев Антон Фаритович колледж бен Облыстың еріктілер қозғалысының жетістіктері мен тәжірибесімен бөлісті.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша төрт алаңда өтті:
Студенттердің білім алуын және өздігінен білім алуын педагогикалық қамтамасыз ету;
- Білім беру қызметін цифрландыру мүмкіндіктері;
- Жастар саясаты және волонтерлік;
- Денсаулық. Ғылым. Технологиялар.
Алаңдардың жұмысы қарқынды және жемісті өтті, әрбір проблемалық алаң бойынша негізгі ұсыныстар бөлінді:
- Колледж жұмысының тәжірибесіне оқытуды ұйымдастырудың тиімді үлгілерін енгізу.
- Студенттердің өз бетінше білім алу қажеттіліктерін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
- Жастар қызметінің басым бағыттарын өзектендіру.
- Халықаралық деңгейде волонтерлік ұйымдар арасында тәжірибе алмасу.
- Цифрлық технологияларды енгізу мотивацияны, танымдық қызығушылықты оята отырып, оқу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтеді.
- Заманауи білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі дамыған цифрлық инфрақұрылым болып табылады. Сондықтан оқу орындарында IT-инфрақұрылымды, цифрлық білім беру ресурстарын, ашық онлайн-курстардың желілері мен платформаларын, сервистерді автоматтандыруды дамыту қажет.
- Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту қазіргі заманғы практикалық денсаулық сақтау мен денсаулық сақтау технологияларының жетістіктерін пайдаланған жағдайда мүмкін болады.
- 8. Белсенді қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамыз!
2021 жылғы 20 қаңтарда конференция қорытындысы бойынша материалдардың электрондық жинағы шығарылады. Қатысушылар сертификаттары 2020 жылдың 30 желтоқсанына қарай колледждердің электронды мекен-жайларына жіберіледі.