Денсаулық – бұл туғанда берілетін сыйлық емес. Оны нығайтуға немесе бұзып алуға болады. Медицина колледжінің студенттері бұл туралы жақсы біледі. Сондықтан олар әрдайым спорттық іс-шараларға белсенді қатысады және салауатты өмір салтын ұстанады.
Бұл жолы балалар бастама көтеріп, іс-шара ұранын айтты: «Дене шынықтыру минуттары бізге қажет және олар біз үшін маңызды!». Дене шынықтыру мұғалімі разминка бастамас бұрын салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану, шынықтыру, пайдалы және жаман әдеттер туралы шағын әңгіме өткізді. Содан кейін музыка шырқалды және студенттер челленджге белсене қатысты, қалған күні позитивпен зарядталып, жарқын эмоцияларға ие болды.