Бірыңғай сабақтың мақсаты – Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының рөлі туралы білім алушыларда түсінік қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу.
Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған және білім беру ұйымдарының білім алушыларының назарын Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.
Бірыңғай ашық сабақ Қазақстан Республикасының Әнұранын орындаумен және еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы бейнероликті көрумен басталды. Дәріскер ретінде №1 қалалық аурухананың бас дәрігері Бапанова Марьям Калуовна шақырылды. «Cerebrum» пікір-сайыс клубының қатысушылары «Лидерами рождаются или становятся?". Іс-шара мәжіліс залында 1 және 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті.