Балаларды қорғау күні – бұл балалардың өздері үшін көңілді мереке ғана емес, бұл барлық балалардың бақытты болып өсуі, оқуы, сүйікті ісімен айналысуы және болашақта өз елінің тамаша ата-аналары мен азаматтары болуы үшін баланың құқықтарын қорғау қажеттілігі туралы қоғамға ескерту.
Мерекені өткізуге Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің студенттік өзін-өзі басқаруы белсенді қатысты.
Бағдарламаның мазмұны:
- Балалар арасындағы спорттық жарыстар.
- «Краски детства» тақырыбына флешмоб
- «Гигиена» тақырыбындағы танымдық ойындар мен жұмбақтар
- Көңілді билер мен әндер
- «Ладошки радости» шығармашылық бұрышы
Кейін әр бала қатысқаны үшін сыйлық алды.