2019 жылдың 26 қарашасы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде Студенттік өзін-өзі басқару президентінің сайлауы өтті. Дауыс беру нәтижесінде Д18-01 тобының студенті Кенжибаев Мақсұт Русланұлы жеңімпаз атанды.
Сайлау мақсаты – колледждің қоғамдық өмірін жетілдіруге қабілетті көшбасшыны анықтау, оны әр түрлі ету, студенттерді әлеуметтік белсенділікке ынталандыру. Сайлау нәтижесі әрине, сайлаушылардың ынтасына байланысты болды.
Сайлауды колледж директоры Бижанов Қаныш Болатұлы салтанатты түрде ашты. Ал дәстүр бойынша бірінші сайлаушылар Ф19-01 және Ф19-02 топтарының жаңа жинағының студенттері болды.
Президент орнына кандидат ретінде бес студент тіркелді:
- Таирова Сафия, 3 курс, "Мейірбике ісі" мамандығы
- Кенжибаев Мақсұт, 2 курс, "Стоматология" мамандығы
- Амренов Азамат, 2 курс, "Емдеу ісі" мамандығы
- Иванов Максим, 3 курс, "Емдеу ісі" мамандығы
- Фикреев Иса, 2 курс, "Стоматология» мамандығы
Кандидаттардың үгіт науқаны 2019 жылдың 15-25 қарашасы аралығында өтті. Дауыстарды санау үшін комиссия құрылып, студенттер арасынан байқаушылар тағайындалды. Дауыс беру аяқталғаннан кейін 26 қараша күні сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін комиссия дауыстарды санады.