25-30.03. 2022 жылы Батыс Қазақстан жоғары медицина колледжі «Емдеу ісі» мамандығы бойынша «Шұғыл көмек» онлайн халықаралық студенттік олимпиадасын ұйымдастырды және өткізді,
оған біздің студент те қатысты. Теориялық білім мен практикалық дағдыларды көрсете отырып, студент Бойко Вадим құрметті III орынды иеленді. Жүлдегерді дайындаумен Арнайы пәндер оқытушылары Лаговская О.С., Быковская Т.В., Смайлова Ж.Б., Терре Е.Г., Амангельдин К.С., Веревкина Е.А. айналысты.