Дәріс жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, сонымен қатар жасөспірімдердің құқықтық санасын дамыту мақсатында өткізілді.
Оқушылар алдында сөз сөйлеген Петропавл қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Габдуллин А.А.
Ол ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар үшін жауапкершілікке тоқталды. Студенттерге презентациялар мен бейнероликтер көрсетіліп, қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны түсіндірілді. Жиналғандарға көшеде, қоғамдық орындарда және көпшілік демалыс орындарында өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтау ұсынылды.