Баяндамашы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының инспекторы Светлана Николаевна Зайцева шақырылды.
Дәріс барысында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың орын алу мүмкіндігін жою және білім беру ортасындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету шараларын жетілдіру мәселелері қозғалды.
Баяндамашы презентация және бейнематериалдар арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру кезеңдерін нақты көрсетті.
Талқылау барысында сыбайлас жемқорлық заңдылықты әлсіретеді, адам құқықтарының бұзылуына, адамдардың өмір сүру сапасын нашарлатады, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және басқа да қауіпсіздікке қатер төндіреді деген қорытындыға келдік.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрқайсымыздың міндетіміз. Белсенді азаматтық ұстанымды көрсете отырып, біз жемқорлықсыз өмірді таңдаймыз!