Педагогикалық ұжымның қатарына жоғары медициналық білімі бар 13 бастамашыл, жігерлі, мақсатқа ұмтылған жас дәрігер-педагогтар қосылды.
Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі үшін осындай жас педагог кадрлар саны тарихи оқиға болып табылады және соңғы 10 жылда алғаш рет байқалып отыр.
Жас мамандар мерекелік жағдайда ұжымға таныстырылып, өз тәлімгерлерімен танысып, естелік сыйлықтар алды. Жас мамандарды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.М.Таганиязов салтанатты сөзімен және ізгі тілектерімен құттықтады.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы басымдық еркін, икемді ойлау қабілеті бар, эксперимент жасаудан қорықпайтын, медициналық білім берудің үздік дәстүрлерін құрметтейтін және жалғастыратын мұғалімге деген қажеттілікке байланысты тәжірибелі және дана тәлімгерлердің қолдауымен тәжірибе жинақтай отырып, халқымыздың денсаулығын қорғауда тұрған сауатты болашақ мамандарды оқыту және тәрбиелеу өтем маңызды болып отыр.