Республика күні алғаш рет 1995 жылы мемлекеттік мереке болып жарияланды. 25 қазан кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Егемендік туралы Декларация қабылданды. Қазақстанның жеке аумағы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, мемлекеттік рәміздері егеменді мемлекеттіліктің негізгі қағидалары ретінде бекітілді. 2009 жылы заңға өзгерістер енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Араға жылдар салып, бұл күн тағы да мемлекеттік мерекелер тізімінде өзінің лайықты орнын алды.
Колледж студенттері өлеңдер мен музыкалық нөмірлер дайындап, колледж оқытушыларын мерекелерімен құттықтады.