Мектепке дейінгі, орта жалпы және орта кәсіптік білім беру саласындағы өзекті тақырыптар бойынша өзіндік бағдарламаларын көрсету барысында педагогикалық психологтар өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар жұмыс тәжірибесіне қарай 3 санатқа бөлінді.Қазылар алқасының қорытындысы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі номинация бойынша 1 орынға Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің педагог-психологы Винокурова А.В ие болды. Бағдарламада сөз болған күйзеліске төзімділік тақырыбы қай салада да өзекті. Студенттер арасында жүйке дағдыларының икемділігін арттыру кәсіби білім берудің маңызды критерийлерінің бірі болып табылады.
Құттықтаймыз және жұмысыңызға шығармашылық табыс тілейміз!