Конкурс Наурыз мейрамы аясында өтті. Наурыз мерекесін бір-бірімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге, өркендеген мемлекет құруға ұмтылған Қазақстанның 124 ұлттың өкілі атап өтеді. Конкурсқа үш команда қатысты, ал колледж әкімшілігі конкурстан тыс қазақ ұлтының мәдениетімен таныстырды. «Емдеу ісі 1» бөлімшесінің командасы неміс халқының мәдениетін көрсетті. Армян халқының мәдениетімен «Емдеу ісі 2» бөлімшесінің командасы таныстырып өтті. «Мейіргер ісі» бөлімшесінің командасы өзбек халқының мәдениетін таныстырды.
Қазылар алқасының мүшелері шақырылған қонақтар Султанов Серик Хамзинович – «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы, Темирбаева Дина Дюсюбековна – «Senim» кәсіподағының заңгері және колледждің студенттік өзін-өзі басқару Президенті Биматаева Дарина болды. Конкурс үш кезеңде өтті. Бірінші кезең үшін командалар жеребеде таңдаған этностың презентациясын дайындады. Екінші кезеңде командалар таңдалған этностың мәдениетін көрсететін музыкалық нөмірді көрсетті. Үшінші соңғы кезеңде командалар қазылар алқасына ұлттық тағам ұсынды.
Бірінші орынды «Емдеу ісі 1» бөлімшесінің командасы иеленді
Екінші орынды «Емдеу ісі 2» бөлімшесінің командасы иеленді
Үшінші орынды «Мейіргер ісі» бөлімшесінің командасы иеленді
Наурыз тойы тамаша
Наурыз тойы жанаша
Табигат та тамаша
Тамылжып тур жараса
Праздник радостный встречаем
Мы в стране своей родной
Всех сегодня поздравляем
С наурызом, и весной!