Наурыз мерекесінің бұл күні ұлттық спорт түрлеріне арналған. Ересектерге арналған ипподромдарда көкпар, бәйге, қыз қуу ,жамбы ату, аударыспақ ұйымдастырылады.
Балалар үшін асық, лянга, тоғыз құмалақ, дойбы ойындары үшін арнайы орындар, арқан тарту, қаптармен жүгіру, садақ ату, күрес, ақсерек және көксерек және т.б. бойынша жарыстар ұйымдастыру дайындалуда.
Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі шетте қалмады және бүгін біз сіздермен Ф20-01к, Ф20-02, Ф20-03, Ф20-04, М20-01, М20-02 топтары қатысатын спорт және шеберлік күнін атап өтеміз.