Чемпионаттың мақсаты жастардың кәсіби дайындығының үздік әлемдік тәжірибелерін анықтау және көрсету, оларды техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу болып табылады.
Қатысушылардың білімін бағалау тек қана «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша ТжКБ негізгі кәсіптік білім беру бағдарламаларына сәйкес келетін конкурстық тапсырманы практикалық орындау арқылы жүргізіледі. Осы мамандық бойынша түлектердің кәсіби қызметінің саласы халық өмірінің әртүрлі жас кезеңдерінде денсаулығын сақтау және қолдау үшін білікті мейірбикелік көмек көрсету болып табылады.
Медициналық және әлеуметтік күтім денсаулыққа, физикалық және психоәлеуметтік жағдайға байланысты көптеген дағдылар мен әрекеттерді қамтиды. Медициналық және әлеуметтік көмекті біріктіретін, өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосатын іс-шаралар халықтың әлеуметтік-психологиялық денсаулығын сақтау үшін өте маңызды.
Жарыс іс-шаралары конкурсанттардың құзыреттерін көрсетуге, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігіне бағытталған.
Сонымен қатар, «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттілігі бойынша чемпионат - әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылдың бір түрі. Сарапшылар -Солтүстік Қазақстан облысының практикалық денсаулық сақтау саласының бас және аға медбикелері.
Чемпионатты ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін колледж әкімшілігіне, Дүйсембаев Әділет Қизатұлына, Жағпарова Айтжамал Хамбетқызына, Абулкина Айнагүл Байтуяхқызына, Бадагазина Надежда Николаевнаға, Полонская Светлана Анатольевнаға, Жаудинова Гүлнәр Қасымжанқызына үлкен рахмет айтқым келді. Сондай-ақ, байқауда қазылар алқасының рөлін атқарған әлеуметтік серіктестерге, атап айтқанда Садықова Эльмира Ириковнаға, Меңдібаева Балжан Талапкеровнаға, Блохина Ирина Федоровнаға, Ананьева Татьяна Николаевнаға ерекше рахмет айтқым келеді. Сондай-ақ, конкурсты өткізуге белсенді қатысқан колледж оқытушылары: Лаговская Ольга Сергеевна, Авторханов Тагир Мусаевич, Шаймерденова Зияда Қайратқызы, Корабельникова Анастасия Ивановна, Төлеген Ләззат Дәулетқызы, Веревкина Елена Александровна, Темірбекова Диана Жастлекқызы.
Қатысушыларды конкурсқа дайындаған компатриоттарға:
Қатысушылар |
Компатриоттар |
Руткаускас Арина |
Кулиш Ирина Юрьевна |
Бердалиева Молдир |
Смаилова Жадра Божбанбаевна |
Мицкевич Татьяна |
Асаубаева Татьяна Рафаиловна |
Еркенова Даяна |
Ковзалова Людмила Николаевна |
Иванова Анастасия |
Асланян Наталья Валерьевна |
Конкурс модульдер бойынша өткізілді:
А модулі – дәлелді күтімді жүзеге асыру, пациентті медициналық ұйым (стационар)жағдайында оқыту
Модуль-Providing evidence-based care, patient education in a medicalgganization (day hospital).
С модулі – дәлелді күтімді жүзеге асыру, пациентті үйде оқыту.
Конкурс қорытындысы:
1 орынды «Мейірбике ісі» мамандығының 3 курс студенті Руткаускас Арина иеленді, 100-ден 91,7 балл жинады
2 орынды мемлекеттік тілде «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті Бердалиева Мөлдір иеленді, 100-ден 82,8 балл жинады
3 орынды «Емдеу ісі» мамандығының 3 курс студенті Татьяна Мицкевич иеленді, 100-ден 81,2 балл жинады
Байқаудың барлық жеңімпаздары мен қатысушыларына World Skills Kz өңірлік байқауының құрмет грамоталары, сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді