ТЖД қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі арасында жасалған кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде өтті.
Семинарды тақырыптық жетілдірудің мақсаты - дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмек бойынша теориялық білімді тереңдету және кәсіби-лауазымдық міндеттеріне сәйкес практикалық дағдылар мен іскерлікті жетілдіру болып табылады. Алғашқы шұғыл көмектің негізгі міндеті пациенттердің жағдайын тұрақтандыру, тез және сауатты жүргізілген дифференциалды диагностика мен түпкілікті диагноз қоюдан кейінгі дұрыс емдеу шаралары болып табылады.
Семинар-тренингтің соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды.