09.09.2022 ж. "Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі" ШЖҚ КМК "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету"тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды орта медицина және фармацевтика қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімінің меңгерушісі А.Х. Жағпарова өткізді. Семинар жұмысына облыс және қала медициналық ұйымдарының бас және аға мейірбикелері қатысты.
Талқыланды :
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелген.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және бейресми білім беру қағидаларын, Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және бейресми білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша және бейресми білім беру арқылы алған оқыту нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 желтоқсанда № 21856 болып тіркелген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 желтоқсанда № 21856 болып тіркелген.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 20 желтоқсанда № 21818 болып тіркелген.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданылуын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылы 22 желтоқсанда № 21843 болып тіркелген.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіби даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы.
Семинар соңында кері байланыс жүргізілді.