Сұхбатты СҚО ПД НПБ жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Зарина Садуовна Попова жүргізді.
Есірткі қолданудың жастарға тигізетін зардаптары туралы көп айтылды. Тәуелді адам қоғам мүшесі ретінде әлеуметтік деградацияға ұшырайды. Нашақор өзінің отбасына, жұмысына және бұрынғы хоббиіне қызығушылық танытпайды. Көбінесе заңмен байланысты мәселелер басталады. Ұрлық - есірткіге тәуелді адам үшін әдеттегі жағдай.
Адамның жеке басының бұзылуы, физикалық кемістігі, қабылдаудың бұзылуы және галлюцинация өмір бойы сақталуы мүмкін.
Сондай-ақ, студенттер есірткінің заңсыз айналымының салдары және бұл әрекеттерден кейінгі жауапкершілік туралы білді.