"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

Ж.Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледжінде Қарттар күні аталып өтті

Previous Next

1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Бұл күн – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің, ата-бабамыздан келе жатқан асыл дәстүрді жалғастырудың ерекше сәті.

Ж.Тілеулин атындағы СҚ жоғары медициналық колледжінің ұжымы мереке қарсаңында ардагер ұстаздар мен зейнеткерлерге құрмет көрсетті.
Кезінде осы білім ошағы қабырғасында табанды еңбек етіп, талай шәкірт тәрбиелеген ардагерлер бүгін студенттер мен әріптестерінің ыстық ықыласына бөленді.

Колледж студенттері ардагерлер үшін арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, ән-бимен қуаныш сыйлады.
Марапаттар табысталып, алғыс сөздері айтылды.
Мерекелік дастархан жайылып, жылы әңгіме мен ақ баталарға толы әдемі кешке ұласты.

Бұл шара – қарттарға деген сыйластықтың, ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі болды.
Қадірлі қарттарымызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз!

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!