"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

Ж.Тілеулин атындағы СҚ жоғары медицина колледжінде мейіргерлік істі жетілдіру бойынша отырыс өтті

Previous Next

ҚАЗАҚСТАНДА МЕЙІРГЕР ІСІН ДАМЫТУ

 

Бүгінде Қазақстанда мейіргерлік істі дамыту мамандардың кәсіби дағдыларын арттыруға, олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі мәртебесін нығайтуға және пациентке бағдарланған сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-бабы 23) тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №744 «Жұмысшы кәсіптер жылы деп жариялау туралы» Жарлығын, 2026 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №945 Қаулысы) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №296 бұйрығымен бекітілген «2025–2030 жылдарға арналған мейіргерлік істі дамыту және медициналық колледждерді университеттермен және практикадағы денсаулық сақтаумен интеграциялау арқылы денсаулық сақтау кадрларын оңтайландыру жөніндегі жоспарды» іске асыру аясында, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында мейіргерлер қызметін үйлестіру, әдістемелік сүйемелдеу және мониторинг жүргізу үшін жауапты медициналық ұйымдардың тізімі бекітілді.

Жобаның басты мақсаты – мейіргерлік қызметтің жаңа операциялық моделін құру. Бұл модель қосалқы еңбек біліктіліктерін енгізуді және мейіргерлердің тәуелсіз практикасын дамытуды көздейді.

Міндеттерді іске асыру үшін құрамына денсаулық сақтау басқармасы өкілдері, медициналық ұйымдардың бас мейіргерлері және Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің оқытушылары кіретін сараптамалық топ құрылды. Сарапшылар мейіргерлердің қызметін талдап, оларға тән емес функцияларды анықтайды, міндеттерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді және жаңа еңбек біліктіліктерін енгізу мақсатында нормативтік актілерге өзгерістер енгізуді бастамалайды.

2025 жылғы 10 қыркүйекте Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі базасында сараптамалық топтың отырысы өтті. Отырысқа жобаның үйлестірушісі, «Қазақстанның медициналық колледждер одағы» ЗТБ басқарма мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, «Түркістан» жоғары көп бейінді медицина колледжінің бас директоры Жанар Сайлаубекқызы Шалхарова төрағалық етті. Іс-шараға келесі қатысушылар қатысты: СҚО ДСБ Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің міндетін атқарушы жетекшісі Жармуканова А.С., көп бейінді облыстық аурухананың бас мейіргері, СҚО ДСБ мейіргер ісі жөніндегі штаттан тыс бас маманы Мендыбаева Б.Т., «№2 қалалық емхана» ШЖҚ КМК бас мейіргері Елисеева И.М., «СҚО әкімдігінің Айыртау аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК өкілдері: директордың м.а. Таганиязов Н.М., директордың стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Матвейчук М.И., бас мейіргер Оразалина С.С., емхана бөлімшесінің аға мейіргері Макулова Г.А., терапия бөлімшесінің аға мейіргері Байманова А.Т., Ж.Тлеулин атындағы СҚЖМК атынан қатысқан: директордың міндетін атқарушы Иманжанов Н.Т., директордың орынбасарлары, мейіргер ісі пәнінің оқытушылары.

Жанар Сайлаубекқызы мейіргерлік қызметтің тәуелсіз моделін дамытудың денсаулық сақтау экономикасына ықтимал әсеріне тағы да назар аударып, сараптамалық топ мүшелерімен бірлесіп Айыртау аудандық ауруханасының штаттық кестесін қарастырды. Жоба шеңберіндегі жұмысты іске асыру кестесіне сәйкес алдағы кезеңдер айқындалды.

Отырыс Тайынша көп бейінді аралас аудандық ауруханасына көшпелі сапармен аяқталды.

Жобаны іске асыру мейіргерлерді өздеріне тән емес функциялардан (УДЗ, рентген, физиотерапия кабинеттерінде, тіркеу бөлімінде және т.б. жұмыс істеу) босатуға, дәрігерлер мен орта медициналық персоналға түсетін жүктемені 20–30%-ға азайтуға, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін, медициналық деректердің дәлдігін, пациенттер мен денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің қанағаттанушылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!