«Тілім менің – мерейім!» мәнерлеп оқу сайысы
10 қыркүйек Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде өлеңді мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің Отанына және Қазақстан халқының тілдеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
Байқауға 1, 2 курс студенттері қатысты. Конкурстық сынақ барысында қатысушылар Қазақстан, достық, халықтардың бірлігі мен ынтымақтастығы туралы поэзиялық шығармаларды жатқа орындады.
1 орын - Рахымқызы Әмина, М25-01қ
2 орын - Митина Маргарита, М25-02
3 орын - Нұрланова Адель, Ф25-01
Жеңімпаздарды құттықтап, қатысушының барлығына жалынды өнер көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.