"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқа отырысының 2024 жылғы 22 қарашадағы хаттамалық тапсырмаларын іске асыру және «2025 жыл – МСАК мамандарының біліктілігін арттыру жылы» іс-шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде оқыту.

Previous Next

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқа отырысының 2024 жылғы 22 қарашадағы хаттамалық тапсырмаларын іске асыру және «2025 жыл – МСАК мамандарының біліктілігін арттыру жылы» іс-шараларын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары шеңберінде оқыту.
2024 жылғы 22 қарашада өткен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының отырысында қабылданған шешімдер бойынша хаттамалық тапсырмаларды және "2025 жыл – БМСК мамандарының біліктілігін арттыру жылы" іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, 2025 жылғы 14 шілдеден бастап Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі базасында біздің облыстың үш жылға дейінгі еңбек өтілі бар БМСК орта медицина қызметкерлерін даярлау жалғасуда. Оқыту екінші бағдарлама бойынша өткізіліп жатыр және тақырыбы: "Критикалық жағдайларда (жүрек тоқтауы, ЖИА және т.б.) медициналық көмек көрсету".
Оқуға облыстың 15 медициналық ұйымының мамандары қатысуда. Сабақ барысында тыңдаушылар Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесін реттейтін негізгі заңнамалық актілермен, медициналық статистика элементтерімен танысады, қақтығыстарды басқарудағы коммуникативтік дағдыларын жетілдіреді, инфекциялық қауіпсіздік мәселелерін зерттейді.
Оқыту бағдарламасының негізгі бөлігі жүрек тоқтауы, жедел коронарлық синдром , жедел ми қанайналым бұзылыстары, хирургия, акушерлік және гинекология, педиатриядағы шұғыл жағдайлар – тыныс жолдарының обструкциясы, гипертермия, Квинке ісігі және басқа да шұғыл жағдайлар кезіндегі дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету протоколдарын оқытуға бағытталған.
Бұл циклден өту орта медицина қызметкерлерінің шұғыл жағдайларды уақтылы диагностикалау және дәрігерге дейінгі көмек көрсету біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.


Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!