18.04.2025 жылы № 1, № 3 қалалық емхананың, көп бейінді облыстық аурухананың, көп бейінді облыстық аурухананың, Айыртау аудандық ауруханасының біліктілікті арттыру курстарында оқуын аяқтайтын мамандары үшін біліктілікті арттырудан өткені туралы құжаттар берудің мемлекеттік қызметін алуды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды.
Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің әкімшілігі көрсетілетін қызметті алушыларды қызықтыратын мәселелерге талдау жүргізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» www.egov.kz. веб-порталы арқылы алу жөніндегі нұсқаулық көрсетілді.
Жаңалықтар
Денсаулық сақтау саласы кадрларына біліктілікті арттыру және сертификаттау курстарынан өткендігі туралы құжаттарды беру
Қаралды: 25