Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің кітапханасында Ж. Тлеулина орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бурик Н.А. және М 24-03 тобының студенттерімен бірге Қазақстан Республикасы күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты поэзиялық челлендж өткізді. Біздің еліміз – жаһандық аласапыран мұхиттағы, азаматтық қақтығыстар құйынындағы, саяси дағдарыстар дауылындағы нағыз тұрақтылық аралы. Қазақстанда 140 этностың өкілдері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілікте. Біздің бәрімізге, әртүрлі ұлт өкілдеріне ортақ бір нәрсе бар: біз Қазақстан халқымыз. Қазақстан Республикасы күні – біздің тұрақты дамып келе жатқан мемлекетіміздің мерекесі, өйткені біз осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге жеттік және одан да көп жетістіктерге жетеміз.
Жаңалықтар
"Бір шаңырақ астында" поэтикалық челленджі
Қаралды: 33