Бүгін Ж. Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің қабырғасында көпұлтты халқымыздың бірлігі мен достығының символы болып табылатын Қазақстан Республикасы күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Концертке колледж студенттері мен Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртістері қатысты.
Жүрегімізде туған үйіміздің жылуы ешқашан өшпесін, туған жерге деген сүйіспеншілік әрдайым Республикамыздың гүлденуі жолында жаңа жетістіктерге жетелесін! Еліміздің әрбір тұрғынын құттықтаймыз! Бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен бақ-береке тілейміз!