23 қарашада Қазақстандық гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы "Гемофилия және мен"атты кездесу - дәріс ұйымдастырды.
Іс-шара осы патологиямен науқастанған облысымыздың балалары мен ересектерінің проблемаларын ақпараттандыру және талқылау мақсатында өткізілді. Кездесуге шақырылған спикерлердің бірі Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің оқытушысы-Жаудинова Гүлнара Қасымжанқызы болды. Ол көктамыр ішіне инъекция қою бойынша шеберлік сыныбын өткізді.Бұл манипуляцияның қыр-сырын білу және манекенде дағдыларды жаттықтыру өте маңызды. Өйткені гемофилиямен ауыратын науқастар тек көктамыр ішіне және тұрақты негізде ем алады. Кездесуге қатысушылар жүргізіліп жатқан манипуляцияларды қызығушылықпен бақылап, сұрақтар қойып, инъекция жасауды үйренді.
Осындай кездесулер мен талқылауларға қатысу болашақ медицина қызметкерлерін оқытуда педагогикалық қызметте қолдануға болатын пациенттердің проблемалары туралы оқытушылардың хабардарлығын арттырады.
Жаңалықтар
23 қарашада Қазақстандық гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы "Гемофилия және мен"атты кездесу - дәріс ұйымдастырды
Қаралды: 617