18 қазан – Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді.
«Рухани дәстүрлер үндестігі» атты диалог алаңы
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қоғамдағы тұрақтылық пен бейбітшілік өзара құрметке, төзімділікке және диалогқа дайындыққа негізделген.
2025 жылдың 18 қазанында медициналық колледждің студенттері Сабит Мұқанов атындағы ғылыми кітапханаға барып, «Рухани дәстүрлер үндестігі» атты диалог алаңына белсенді түрде қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты – Қазақстан халқының рухани құндылықтарын нығайту арқылы елдің одан әрі бейбіт әрі табысты дамуына үлес қосу.
Жаңалықтар
18 қазан – Қазақстанда Рухани келісім күні аталып өтеді. «Рухани дәстүрлер үндестігі» атты диалог алаңы
Қаралды: 29