12.12.2025 жылы Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде «ХХІ ғасыр жастарының ғылыми әлеуеті» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы аясында жобалар конкурсы сәтті өтті. Конкурстың негізгі мақсаты – студенттердің инновациялық ойлау қабілетін дамыту, қазіргі заманғы медицина, білім беру және қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін ынталандыру. Негізгі міндеттер қатарында ұйымдастырушылар ғылыми шығармашылықты жандандыруды, зерттеу нәтижелерімен алмасуды, кәсіби даярлық процесінде ғылым мен практиканы ықпалдастыруды, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мен дарынды жастарды анықтап, қолдауды ерекше атап өтті. Конкурсқа медицина колледждерінің, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері шақырылды. Жобалар алты өзекті бағыт бойынша ұсынылды: «XXI ғасыр медицинасы және денсаулық сақтау», «Цифрлық болашақ: мүмкіндіктер мен сын-қатерлер», «Жастар көшбасшылығы: табысқа бастар жол», «Салауатты өмір салты және экология», «Азаматтық құндылықтар кеңістігіндегі жастар» және «Мамандық – жастардың өзін-өзі жүзеге асыру жолы». Конкурс студенттердің шығармашылық әлеуетін айқын көрсететін әрі білім беру саласындағы халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жарқын алаңға айналды.
Жаңалықтар
12.12.2025 жылы Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінде «ХХІ ғасыр жастарының ғылыми әлеуеті» халықаралық студенттік ғылыми-практикалық конференциясы аясында жобалар конкурсы сәтті өтті.
Қаралды: 50








