"СҚО әкімдігінің ДСБ" КММ "Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60
Қабылдау комиссиясы: 8 (771) 174-44-60

Кураторлық сағат: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бәріміздің парызымыз!»

Кураторлық сағат: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бәріміздің парызымыз!»

Өздеріңіз білетіндей, 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданды. Заңның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық қаупінен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және анықтау. Осыған байланысты біздің колледжде жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленеді және оларды іске асыру бойынша көптеген іс-шаралар өткізіледі. Іс-шаралардың бірі – студенттерді «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңмен, колледждің ішкі ережелерімен таныстыру, оның орындалуын бақылау. Топ кураторлары жыл сайын сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін бірқатар іс-шаралар мен кураторлық сағаттар өткізеді.

2022 жылдың қараша айында 1-2 курс студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бәріміздің парызы» тақырыбында кураторлық сағаттар өтті. Кураторлық сағат барысында сыбайлас жемқорлық туралы мақалалар мен презентациялар дайындалды, бейнероликтер көрсетілді, студенттер жағдай туралы сұрақтарға жауап берді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өз ойларымен бөлісті.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!