Орта буын медицина мамандарын даярлау сапасын одан әрі арттыру, оларды оқыту үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау, ынтымақтастықты нығайту, медициналық колледж және МҰ ұжымдарының өзара мүдделілігін арттыру мақсатында практикалық денсаулық сақтау үшін кадрлар даярлау сапасы үшін колледжге 30 МҰ бекітілді.
Практика орындарын жоспарлау СҚО Денсаулық сақтау басқармасы арқылы жүзеге асырылады. Практикадан өтудің клиникалық базасы тараптардың әрқайсысының оқыту бағдарламасына қатысты міндеттерін айқындай отырып, тиісті денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен ресми шарттар негізінде білім алушылар мамандығының ерекшелігіне сәйкес айқындалады.
Медициналық колледждің клиникалық базалары білім алушылардың барабар клиникалық тәжірибе алуын қамтамасыз етеді және практикалық оқыту үшін қажетті ресурстарға ие. Арнайы пәндерді оқытуға бірінші және жоғары санатты практикалық денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандары тартылды. Оқу процесінің кестесі оқытылатын пәндердің өзара байланысын ескере отырып, жұмыс берушілермен және практикалық денсаулық сақтау саласындағы білім беру процесіне қатысушылармен келісім бойынша құрылады. Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканың жұмыс бағдарламалары жұмыс берушілердің қатысуымен әзірленеді.
Білім беру қызметтерін тұтынушылардың субъективті қанағаттану деңгейін, студенттерді даярлау сапасын анықтау мақсатында практиканың әр түрінен кейін барлық мамандықтағы студенттерге сауалнама жүргізіледі. Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі және әлеуметтік әріптестер жыл сайын түлектерді даярлау сапасына мониторинг жүргізеді, оның мақсаты әрбір түлектің кәсіби қызметке дайындығын айқындау болып табылады.
Оқу жылының басында түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жоспар құрылады, содан кейін комиссия құрылады, оның құрамына колледж әкімшілігі, МҰ басшылары, бас немесе аға мейірбикелер, кадрлар бөлімінің меңгерушілері кіреді. Жоспарға сәйкес МҰ медициналық кадрларға қажеттілік туралы ақпарат сұратылады, Облыстың МҰ-нен келіп түсетін өтініштер негізінде деректер базасы құрылады. Жыл сайын, сәуірде жұмысқа жіберу жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өткізіледі, онда түлектер мен жұмыс берушілер арасында екі жақты және дәріхана ұйымдарымен үш жақты шарттар жасалады. Колледж түлектердің жұмысқа орналасу орындарына келуін тіркеуге мүмкіндік беретін «Келуді растау парағын» әзірледі.
Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі әлеуметтік әріптестермен мынадай бағыттар бойынша белгілі бір бірлескен жұмыс жүргізеді: білікті мамандарды даярлауды болжау, оқытуда пациентке бағытталған тәсіл, оқу орны мен МҰ арасындағы өзара қарым-қатынасты жетілдіру.