2024 ж. 15.07. жалпы мейіргерлік технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқуды аяқтайтын орта медицина қызметкерлері үшін біліктілікті арттырудан өткені туралы құжаттар берудің мемлекеттік қызметін алуды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды. Жұмағали Тілеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің әкімшілігі көрсетілетін қызметті алушыларды қызықтыратын мәселелерге талдау жүргізді. Сондай-ақ, осы мемлекеттік қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы алу жөніндегі Нұсқаулық көрсетілді www.egov.kz Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес.
СҚО бойынша мемлекеттік қызмет департаменті / Департамент АГС ПО СКО