Мемлекеттік қызмет көрсету қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етуде және азаматтардың құқықтарын іске асыруда шешуші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары шеңберінде 2024 жылғы 23 тамызда Департамент білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтердің online жәрмеңкесін өткізді, оның барысында балабақшалардың, мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының өкілдері көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы түсіндірме баяндамалар жасады.
Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі директорының ақпараттық технологиялар және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Садовой Е.Г. өз баяндамасында мемлекеттік қызметтер әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне немесе қаржылық жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін теңдік пен қолжетімділікті қамтамасыз ететініне назар аударды. Заманауи технологиялар уақыт шығындарын қысқарту және азаматтар мен бизнес үшін рәсімдерді жеңілдету арқылы мемлекеттік қызмет көрсету процесін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат колледж сайтында және ақпараттық стендте мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған. Сондай-ақ, колледжде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап денсаулық сақтау саласында колледж орта медицина қызметкерлеріне біліктілікті арттыру куәліктерін беру бойынша 400 мемлекеттік қызмет көрсетті, білім беру саласында 419 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің өзектілігі олардың әлеуметтік және экономикалық тұрақтылық құралы ретіндегі рөлінде жатыр. Заманауи технологияларды дамыту және қоғамдық қажеттіліктерді есепке алу мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және оларды заманауи сын-қатерлерге бейімдеуге көмектеседі.
СҚО бойынша мемлекеттік қызмет департаменті / Департамент АГС ПО СКО