19.09.2024 жылы психиатрия және наркологиядағы мейірбике ісі циклі бойынша оқуды аяқтайтын психикалық денсаулық орталығының орта медицина қызметкерлеріне арналған денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткендігі туралы құжаттар берудің мемлекеттік қызметін алуды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды.
Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің әкімшілігі көрсетілетін қызметті алушыларды қызықтыратын мәселелерді қарады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызметті «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы алу жөніндегі нұсқаулық көрсетілді.