07.06.2024 жылы көп бейінді балалар облыстық ауруханасының орта медицина қызметкерлеріне арналған денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткендігі туралы құжаттарды беру мемлекеттік қызметін алуды түсіндіру бойынша семинар ұйымдастырылды.
Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің әкімшілігі көрсетілетін қызметті алушыларды қызықтыратын мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығының 6-қосымшасына сәйкес осы мемлекеттік қызметті алу жөніндегі Нұсқаулық «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы көрсетілді.
СҚО бойынша мемлекеттік қызмет департаменті / Департамент АГС ПО СКО