"Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі" ШЖК КМК
Ресми интернет-ресурс
 
Петропавл қ., Шухова к. 42

Call-центр: 8 (7152) 35-00-95

Сенім телефоны: 8 (7152) 50-85-60

Жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК онкүндігі

Жалпы кәсіптік пәндер ЦӘК онкүндігі

ЦӘК жалпы кәсіптік пәндер онкүндігі аясында оқытушы Айсұлу Сайлаубекқызы «Профилактикалық медицина негіздері» пәнінен «Стресс және оның  адам денсаулығына әсері» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.

Қазіргі әлемде күйзеліс адамның физикалық және психикалық денсаулығына айтарлықтай әсер ететін өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Сабақта стресстің ағзаға әсері, оның алдын алу және оны басқару әдістері талқыланды. Сабақ белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы діттеген мақсатына жеті. Оқытушы топшаларға бөлу арқылы тиімді оқу ортасын құра білді. Бұл интербелсенді оқу ортасында материалды түсінуді жақсартып қана қоймай, қазіргі қоғамда сәтті бейімделу үшін қажетті әлеуметтік дағдыларды қалыптастырады. Оқытудың жаңа әдістерін қабылдау студенттерді болашақ қиындықтарға дайындауға ықпал етеді және олардың тұлғалық әрі кәсіби өсуін ынталандырады.

А. Сайлаубекқызы сабақ барысын «дәріс, әңгіме, тиімді сұрақ қою (коуч), диалог, пікірлесу, бес қадам, бағдаршам» тәсілдері арқылы бірлескен оқуды дамытып отырды. Жаңа материалды бекітуде «Kahut» бағдарламасын қолдану студенттердің тест сұрақтарына аса қызығушылықпен мүдірмей жауап беруге ынталандырды. Аралас сабақ ішіне жағдаяттық міндеттерді шешу, сауалнамаға жауап беру сияқты практикалық үрдіс сабақты жандандырып, оқушылардың тұлғалық ашыла түсуіне мүкіндік берді. Студенттер өмірде күйзелістен арылуға көмектесетін «Бес қадам» тәсілін, «Дыбыстық жаттығу» үйреніп, болашақ маман ретінде қарулана түсті. Үйге алдын ала берілген тапсырмалар «постер», «сурет салу», «бейнепрезентация» оқушылардың іскерлік, шығармашылық қырларын танытты.

Записаться на прием
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!
Здравствуйте, уважаемые посетители сайта!